Төреғали Төреәлі - Қай жақсылығым үшін (Қазақша караоке) (минус) (текст)

Добавлено
7 Просмотры
Қандай сынақ өтсе де,
Менің қара басымнан.
Жер айналып кетсе де,
Табыласың қасымнан.


Жақсы көрем мен сені
Әйбәт қылығың үшін
Сені маған берді екен
Қай жақсылығым үшін?!

Елестетер ай-күнді,
Ақ дидарың – төккен нұр!
Ұмыттарған қайғымды,
Көзің неткен мөп-мөлдір!

Қ/сы:
Сендей жанды жарым қып
Бере гөр деп тіледім
Тәңір оны қабыл қып
Орындалды тілегім!

Сендей жанды жарым қып
Бере гөр деп тіледім
Тәңір оны қабыл қып
Орындалды тілегім!
Категория
Қазақша караоке
Теги
қазақша, караоке, өлеңдер

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.