Караоке - Ауылым (Аян Сейітов)

4 Просмотры
#қазақшакараоке #қазақшаәндер #караоке

Ауылым

Әні: Шынберген Сүлейменов
Сөзі: Қайнар Алагөзов

Жетегіне еріп жалғанның
Қалаға жедел жетіппіз
Артынан жүріп арманның
Ауылдан шығып кетіппіз

Қайырмасы:
Арайын төгіп аспаным
Араласамда жер жерді
Ат озған ауылдастарым
Сағынып жүрмін сендерді

Қонатын көлдің бетіне
Түңгі аспаныңды-ау сағындым
Түнейтін соның шетіне
Құрдастарымды-ау сағындым

Жусаны жұпар ауылмен
Көшемнің шаңын сағындым
Ағайын туыс бауырмен
Шешемнің шәйін сағындым

Əнімнің биін тапқандай
Қамысын гүлдің сағындым
Шымберген ақын айтқандай
Дауысын төлдің сағындым

Ауылдан көшсең көш керуен
Қалада өрле өс мейлі
Ауылдан адам көшкенмен
Адамнан ауыл көшпейді
Категория
Қазақша караоке
Комментариев нет.