[ Анамның жаққан ошағы ] [ Әліби - Гүлнұр ] [Анамнын жаккан ошагы | қазақша караоке ]

2 Просмотры
Анамның әрбір пісірген тамағының дәмі әлі күнге дейін тілімнің ұшында тұрады. Біздің үйде диірмен тасы болған. Тоқшылық заманның өзінде анам сол диірменге бидай тартып, жент жасайтын. Сары май қосылған дәмі тіл үйіретін ондай жентті әлі ешқайдан жеп көрмедім. Бала күнімдегі ауылда анам дайындаған құрт, сары май, ірімшік, жент, қаймақ, айран, ашыған және т.б. ұлттық тағамдардың дәмін ешқашан ұмытпаймын. Әлі күнге дейін қатты таң қалатыным, анам бірнеше мамандықты (аспаз, сауыншы, тігінші, тоқымашы, үй сылаушы және т.б.) бір өзі игеріп, бір өзі атқарушы еді. Не деген қажыр-қайрат! Қонақ шақыру мен күтудің бала күнімдегі керемет үлгісі бүгін жоқ. Асыл анамның бақилық болғанына бір жылдан астам уақыт өтті. Сонда да ауылға барғанда анам алдымнан шығып: «Келдің бе, құлыным-ау!» деп маңдайымнан иіскейтіндей көрінеді. Көзі тірісінде алақанымда аялап, көбірек күтіп-бақпағаныма өкінемін! Анашымның ақ жүрегін қатты сағындым!
Мәтін авторы. Төлен Тілеубай

Телеграм каналымызға жазылыңыз t.me/karaokekontent

Құрметті тыңдарман. Қоңырау БЕЛГІСІН БАСЫП БІЗГЕ ТІРКЕЛУІҢІЗ АРҚЫЛЫ жаңадан шыққан видеоларды бірінші болып тамашалайсыз. Комментария жазып ватсап топтарға таратып отырайық. Сіздің 30 секундтық таратуға кеткен еңбегіңіз басқа да тамаша əндердің шығуына ықпал етеді. Келесі қандай музыка күтесіз караокемен астына комментарияға жазайық
Категория
Қазақша караоке
Теги
анамның жаққан ошағы, алиби гулнур, анамнын жаккан ошагы
Комментариев нет.