11 сынып - Попурри минус версия

2 Просмотры
плюс версия https://t.me/qazkaraoke

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңiлi бар қызғалдақтай ашылған ...
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан?
Жан досым, үстем болсын мерейiң!
Әрқашан жеңiсiңдi көрейін ...
Сырымыз да бiтпесiн ...
Жырымыз да бiтпесiн ...
Жырымыз да бiтпесiн ...
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Білім нәрін толтырдық біз кеудеге
Қателікте болды бізде кей жерде
Үйретуден жалықпаған ұстаздар
Жанашыр да бола білдің көп жерде,
көп жерде



Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін

Ұмытпаймыз біз сіздерді мәңгілік
Жадымызда бейнең тұрар жаңғырып
Келешектің алтын нұрын сепкендей
Алдымыздан арайланды таң күліп,
таң күліп
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін
#караоке #мектеп #жастулек #школа
Категория
Қазақша караоке
Теги
мектебим, жас тулек, устазым менин
Комментариев нет.