[ Арыс жағасында ] [ Шәмші Қалдаяқов ] [ Қазақша караоке ]

Добавлено
63 Просмотры

"Арыс жағасында" әнін білмейтін қазақ жоқ шығар сірә. Бұл әннің туу тарихы тіптен қызық.

Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықбаевпын» деді.
– Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып отырсын?

– Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?

– Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.

– Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?

– Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді…. онда шаруаң бар? – Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім – деді де тайып тұрды.

– Өй, әлгі ит не деп кетті? – деді қасымдағылар.

– Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, – дедім мен. Шәмшінің «Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды келтіріпті.
_________________________

Құрметті тыңдарман. Қоңырау БЕЛГІСІН БАСЫП БІЗГЕ ТІРКЕЛУІҢІЗ АРҚЫЛЫ жаңадан шыққан видеоларды бірінші болып тамашалайсыз. Комментария жазып ватсап топтарға таратып отырайық. Сіздің 30 секундтық таратуға кеткен еңбегіңіз басқа да тамаша əндердің шығуына ықпал етеді. Келесі қандай музыка күтесіз караокемен астына комментарияға жазайық

Категория
Қазақша караоке
Теги
караоке

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.